Bugin

Атырау облысындағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысындағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл туралы кеше, 7 шілдеде сағат 23:00-де ақпарат түскен.

"Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жайт туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен құралған комиссия балық қырылды деген орынды тексеру үшін жолға шықты", -деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.