Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСемейде Дефлимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова өмірден озды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Abai News Тelegram арнасына сілтеме жасап.
Семейлік спортшы дзюдодан түрлі әлемдік турнирлер мен чемпионаттарда Абай облысының абыройын асқақтатты.
Ол Әлем чемпионатының, XXIV Жазғы Дефлимпиада ойындарының және Азия-Тынық мұхиты елдерінің бірінші ойындарының қола жүлдегері болды.
Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бір ай бұрын, 9 маусымда спортшы Семей әкімінің қолынан тұрғын үй қорынан "Қарағайлы" шағынауданындағы жаңа пәтердің кілтін тегін алған болатын.