Bugin

БҚО-да жас жігіт суға батып, мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Қазақстан облысында тағы бір жас жігіт суға кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға 8 шілдеде Бәйтерек ауданы Жайық ауылында болды.

"Сағат 19.50-де "Орыс моншалары" кешені ауданында құтқарушылар "Карьер" жасанды су қоймасынан 28 жастағы тұрғынның денесін алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм мас күйінде шомылуға тыйым салынған жерден түсіп, сағат 18.45-те батып кеткен. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды",- деп хабарлады БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл – соңғы күндері Бәйтерек ауданында болған екінші оқиға. Бұған дейін 5 шілдеде Асан ауылында 21 жастағы жігіт суға кетіп көз жұмған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61