Bugin

БҚО-да жол апатынан тағы екі адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Қазақстан облысында болған жол апатынан тағы екі адам мерт болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 7 шілдеде Бөрлі ауданы аумағында болған.

"Сағат 18.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты күре жолының 10-шақырымында 1983 жылғы жүргізуші "ВАЗ-21114"  автокөлігімен келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Содан 1981 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан "ВАЗ-21120" автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан екі жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Ақсай қаласындағы орталық аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр",- деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, аталған ауруханада жатқан 1989 жылғы ер, 1984 жылғы әйел адамның және 2013 жылғы баланың жағдайы орташа ауыр.

Бұл – бір күнде болған екінші қайғылы оқиға.