Bugin

Атырауда аптаптан тұрғындар далада жұмыртқа қуырып жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде далада жұмыртқа қуырған жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды Bugіn.kz порталы AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушысы шыжғырылған майға жұмыртқа салып, қуырып көрсетеді.

"Қазір 41 градуста жұмыртқа пісіреміз. Теңізде күн ыстық. Күн қақ төбеден түсіп тұр. Атырауға қарағанда Теңізде қатты ыстық қой", - дейді жігіт.

Видеода табадағы жұмыртқа көп күттірмей дайын болады. 

Атырау облысында бірнеше күннен бері күн қайнап тұр. Сынап бағанасы 42 градустан асып жатыр. Ауа райын болжаушы мамандар ертең де Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталатынын ескертіп жатыр.

Дәрігерлер күн көзінен мейлінше сақтанып, далаға себепсіз шықпауға кеңес береді. Қан қысымы бар адамдар мен жас балалардың абай болғаны жөн деп ескертеді.