Bugin

Жасөспірімнің басына абайсызда оқ тиіп, қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  POLISIA.KZ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.

Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді.

"Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

Күдікті саналған Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.