Bugin

ШҚО-да бір күнде екі жол апаты болып, бірнеше адам көз жұмған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ШҚО-да бір күнде адам шығыны бар 2 жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, 9 шілдеде сағат 11:50 шамасында Омбы–Майқапшағай тас жолында көлік апаты болған. Апаттан 6 жасар бала қаза тапқан.

"Келесі оқиға 13:30 шамасында Өскемен - Рахман қайнарлары тас жолында болған. Салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше жолаушы дене жарақатын алды" делінген хабарламада.

Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін БҚО-да жол апатынан тағы екі адам қаза тапқаны хабарланған.