Bugin

Депутат: Әскердегі үлкен мәселе - құмар ойын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі кәсіпкер, мәжіліс депутаты Руслан Берденов қазақстандық журналиске берген сұхбатында елдегі құмар ойын мәселен көтерді.

Оның айтуынша, өзге елдерде құмар ойын жарнамасы мүлдем жоқ.

«Есірткіні де заңдастыруға болады. Біраз уақыттан бері осыны мәселені ойлап келе жатырмын. Неге бұны Қытайдан, Түркиядан көрмейміз? Мысалы, Қытайда бұғатталған. Меніңше, сатұындар көп. Бұл мәселе 2017, 2020, 2022 жылы да көтерілген. Осы уақытқа дейін шешілмеді. Мұның бәрі елін-жерін сүймейтін адамдардың іс-әрекеті деп ойлаймын», - деді ол.

Депутат қазір әскерилер арасындағы үлкен мәселе құмар ойын екенін атап өтті.

«Семейде болған өртке байланысты қаралы күн жарияланды. Бәлкім осы құмар ойыннан күніне 15 адам өзіне қол жұмсап жатқан шығар. Онда әр күнді қаралы күн деу керек. Біз соғыссыз осыншама адам жоғалтып жатырмыз.

Біздің әскери  сектор дейікші. Қазір сол жақтағы үлкен проблема - құмар ойын. Офицерден бастап әскерге шейін ойындарға кіріп кеткен.

Салығы 2022 жылы - 109 млрд теңге. Ондай көп қаражат деп айта алмаймын», - деді Берденов.