Bugin
Астанада мопедшілер ереуілі өтті, оған 100-ге жуық қызметкер жиналды. Әлеуметтік желілердегі видеоларға қарағанда, олар "Яндекстің" жеткізу шарттарына наразы.
Ереуілге шыққан жұмысшылар төлем мөлшеріне наразы. Олардың айтуынша, құны 1 500 теңгеден төмен әрбір тапсырыс үшін Яндекс курьерге өз қаражатынан қосымша ақы төлейді.
Мопедшілер наразылық акциясы арқылы өз құқықтарының бұзылып жатқанын жеткізуге тырысты.
Сондай-ақ ереуілшілер бонустардың аз екенін және әділетсіз төлемдерге наразы екенін атап өтті.
"Яндекс" бұл акция туралы әлі түсініктеме берген жоқ.