Bugin
Бүгінде халық арасында көз бен сөз тиюге қатысты әңгімелер көп айтылуда
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақ халқы ұғымында жақсы адамға, жас нәрестеге, жүйрік жылқыға, әдемі қызға тіл-көз тиеді деп есептеген. Бәйгеде озған жүйрік атқа көз тиеді деп сақтанып, елге көрсетпеуге тырысқан. Жас балаға тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, оны былғары бойтұмардың ішіне салып, мойнына тағып қойған немесе үстіндегі киімнің омырауының астыңғы жағына қадап қояды. Бала кенет науқастанып қалса, көз тиді, біреудің сұғы өтті деп жорып, оған ащылау әдісімен ем жасайды. Жас баланы көз тиюден емдеуді кейде үшкіру, түкіру деп те атаған. “Түкіру” көптеген халықтардың магиялық және діни әдет-ғұрыптарында маңызды рөл атқарады. Мысалы, жас келінге, нәрестеге қызыға қараған адамдарды көзің тиеді деп ырымдап, түкіруге мәжбүр еткізеді. Немесе біреуді мақтап жатқан кезде “тіл – аузым тасқа” деп айтады.
Психологиялық көзқараспен қарайтын болсақ, онда бұл жерде бірнеше дәлел келтіруге болады. Психологиялық тұрғыда да жаман энергияны таратушы және жаман энергетиканы қабылдап алушы адам болады. Жаман энергетика таратушы көп жағдайда іші тар, біреудің биікке шыққанын көре алмайтын, қызғаншақ, әлжуаз адамдар. Мұндай адамдардың көзі де, тілі де жаман болады. Ол өзінің жанында тұрған адамға автоматты түрде өзінің ішкі энергиясын береді. Ал нәтижесінде жанындағы адамға оның көзі тиіп қандай да бір ауру түріне шалдығуы мүмікін. Психологтардың айтуынша, энергетикасы мықты адам өзіне жаман сөз бен көзді тез қабылдамайды. Егер адам қандай да бір үлкен ортаға барып санасында «көз тию» деген ұғым болса, нәтижесінде ол адамға шын мәнінде көз тиіп ауырып қалады. Мысалы, екі құрбы әңгімелесіп отыр. «Бірі оған сен әдемі болып кетіпсің, шашыңды қалай өсірдің» деп таңғалып, өзінің ойын білдіреді. Келесі күні мақтауды естіген құрбы ауырып не шашы түсуі мүмкін.
Діни көзқараста көз тию ұғымы шын мәніде бар. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Көз тиюдің бар екені ақиқат» деген. Тіпті, тіл мен көз адам өліміне дейін әкелуі мүмкін. Хадистің бірінде «Көз тию – ақиқат. Ол түйені қазанға, адамды қабірге түсіреді», – делінген («Кәшфүл хафа», 2: 76). Сол себепті, көз тиген жағдайда немесе көз бен тілдің тиюінен алдын алу үшін дұға-сүре оқып, Аллаға сыйынып діни жорағылар жасаудың қажет екенін айтады.
Түйін: Өмір болған соң көз де, сөз де болады. Ең бастысы бұл құбылысты көңілге жақын қабалдамаған жөн. Дәрігерлер көз тиюдің соңы айықпас дертке әкелетінін айтса, психологтар адамның күйзеліске түсетінін айтады. Дегенмен көз тиюден барынша сақтанып жүрген де дұрыс болар...
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61