Bugin

Тоқаев Мирзиёевті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

"Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындысы елді орнықты дамытуға, оның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған Өзбекстан Президенті ұстанымының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын айқын көрсетеді деп атап өтті" делінген хабарламада.

Әңгімелесу барысында Президент қазақ-өзбек қатынастарын стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты және алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.