Bugin
Боксшылар Абзал Серік пен Саматәлі Төлтаевтың және грек-рим күресінің шебері Темірлан Өмірбай, еркін күрес шеберлері Ұлбосын Қожамберді мен Гүлсамал Нұрланнан жарыс кезінде сынама алынып, қан құрамынан допинг табылды.
Тексеру кезінде боксшы Абзал Серіктың қанынан метастерон анықталды. Сондықтан ол 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін жарыстардан шеттетіледі. Сондай-ақ Саматәлі Төлтаевтың қан құрамынан оралтуринабол табылды. Бұл боксшы 2026 жылдың 31 наурызына дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Темірлан Өмірбайдан алынған сынама нәтижесінде балуанның қан құрамында тыйым салынған стероид – мельдониум бары анықталды. Сондықтан ол 2025 жылдың 3 наурызына дейін барлық жарыстан шеттетіледі. Мұнан бөлек, 2023 жылдың ақпан айында еркін күрес шеберлері Ұлбосын Қожамберді мен Гүлсамал Нұрланнан жарыс кезінде сынама алынып, Ұлбосынның қан құрамында фуросемид, ал Гүлсамалдың қан құрамында оралтуринабол бар болып шықты. Осыған байланысты Ұлбосын Қожамберді 2025 жылдың 3 наурызына дейін, ал Гүлсамал Нұрлан 2026 жылдың 3 наурызына дейін жарыстарға қатыса алмайды.