Bugin

"Жас қызды жыныстық құлдыққа тарту мақсатында ұрып-соққан": Полиция жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жас қызды жыныстық құлдыққа тарту мақсатында ұрып-соққан қыздардың ісін тоқтатты деген қауесетке қатысты Алматы полициясы жауап берді.

Құқық қорғау органдары бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" және 194-бабы "Бопсалау" бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Тергеу барысында оқиғаның барлық қатысушысы мен куәгері анықталды. Басты күдікті белгілі болды. Қазір жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қызды ұрып-соғып жатқан бейнеге қатысты тергеу оқиға 2022 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында күдікті мен оның танысының қатысуымен болғанын анықтады. Алайда бұл дерек бойынша полицияға шағымдар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушіні іздестіріп жатыр", - деді полиция департаментінің қызметкерлері.

Тергеу барысын Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы бақылауына алған.