Bugin

Алимент төлеуден жалтарған 27 азамат қылмыстық жауапқа тартылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл басынан бері Қостанай облысында 16 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, мемлекет кірісіне 3,7 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді. Сондай-ақ баласына алимент төлеуден жалтарған 27 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды.

"Әлеуметтік-экономикалық салада құқық қорғау функциялары жанданды, қадағалау актілері бойынша 211 мың азаматтың, 16 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды және мемлекет кірісіне 3,7 млрд теңгеден астам қаржы өтелді. Қадағалау актілері бойынша 154,3 млн теңге өндірілді, 112 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды және ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша алимент төлеуден жалтарғаны үшін 27 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деп мәлім етті Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Сонымен қоса, биыл алғашқы жартыжылдықта Қостанай облысында қылмыс деңгейі 18,1%-ға, ал қайталап жасалған құқық бұзушылықтар саны 30%-ға қысқарды.