Bugin

Ақтөбеде ер адам туған ұлын өлтіріп, көму үшін шұңқыр қаздырғаны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбеде 4 жасар Данилдің өліміне қатысты сот ісі басталды. Бұл іс бойынша оның туған әкесі кінәлі танылып отыр.

"Диапазон" басылымы мәліметінше, сол күні ол ауырып, әжесінің үйінде жүрген ағасы мен әпкесімен ойнағысы келген. Ал бұл әкесінің ашуына тиген. Ол ұлының басы мен бетінен ұрып, ішінен де соққан. Бала сол пәтерде қаза тапқан.

"Баланың әкесі 20 мың теңгеге жүк тиегіш-экскаватор жалдап, шұңқыр қаздырған, жүргізушіге ата-анасы үй салып жатқанын және қоқысты көму керек екенін айтқан. Оның орнына сол жерге өз ұлын көмген. Бірнеше күннен кейін ол полицияға ұлы жоғалып кеткенін айтқан" делінген ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде Данилдың жоғалып кеткені жайлы жазған едік.