Bugin

Жамбыл облысында 10 жастағы екі бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысында 10 жасар екі бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды.

9 шілдеде кешкі сағат 18:00 шамасында жергілікті тұрғын 10 жасар екі баланың денесін тазарту қондырғысынан шығарған.

"Ересектер қарауынсыз қалған балалар ойын кезінде суға құлап, батып кетті" делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Үлкендерге балаларды қараусыз қалдырмай, қауіпсіздік ережелерін үйрету керегі ескертілді.