Bugin

Түркістан облысында кене шаққан бала қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған бала қайтыс болды. 

Мамандардың сөзінше, кене шаққан баланың қайтыс болғанына медициналық көмекке кеш жүгінуі себеп болған.

"Кенеге қарсы бүкіл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кене шаққан адам тез арада дәрігерге жүгінуі керек. Кенені қолмен алып, жұлып, мыжғылап тастауға болмайды. Арнайы қысқышпен ақырын тартып алу керек. Себебі қан шашырап, адамға ауру жұғуы мүмкін. Кене шаққан адам 14 күндік медициналық бақылауға алынады", - деді Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов.

Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері 985 адамды кене шаққан. Оның ішінде ең көбі Сауран ауданында тіркеліп отыр.