Bugin

Қостанай облысында жайылымдарды шегіртке қаптады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанай облысында 16 мың гектар жайылымдық жерді шегірткелер жайлады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай облысындағы егіс алқабы 4,6 млн гектарды құрайды, бүгінде оның 500 гектары зардап шеккен.

"Екі ауданның аумағын зерттеу қорытындысы бойынша, 16 мың гектар жайылымдық жерде жәндіктердің таралуы тіркелді. Фитосанитарлық іс-шаралар сол күні кешке басталды, өйткені өңдеулер техникалық регламентке сәйкес, кешке және таңғы уақытта жүргізілуге тиіс"- деп жазылған хабарламада.

Министр Ербол Қарашөкеев өңірдегі жедел және үйлесімді жұмыстың арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымданбағанын атап өтті.