Bugin
Биыл 1 қыркүйектен бастап 1-4-сыныптардың барлық оқушысы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдын Досыбаева өңірлік коммуникациялар қызметінде оқу жылының қорытындысын жариялады.
"2023 жылы "Жалпыға міндетті білім беру" қорынан жекелеген санаттағы отбасынан шыққан 48 671 оқушыны әлеуметтік қолдауға 5,9 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Оның ішінде тамақтандыруға 3,5 млрд теңге, киім-кешекке 1,9 млрд теңге және жазғы сауықтыру демалысын өткізуге 351 млн 283 мың теңге қаражат қарастырылып отыр. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-4-сыныптардың барлық оқушысы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 2,5 млрд теңге қаражат бөлініп отыр", - деп айтты Айдын Досыбаева брифингте.
Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы отбасынан шыққан балабақшаның 11 326 баласы 1 қыркүйектен бастап жергілікті бюджеттен тегін ыстық тамақпен бір мезгіл қамтылады.