Bugin

Астана азаматы көліктің салонына кіріп ұрлық жасаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордада автокөліктен жеке заттарды ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, таңғы уақытта оның Daewoo Nubira көлігінің салонынан әмиян мен парфюм ұрланғанын жеткізген.  

"Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 37 жастағы ер адамды анықтады. Полицияға жеткізілген ер адам үйлердің аулаларын аралап, дабылмен жабдықталмаған көліктерді арнайы іздегенін айтты. Бейбарыс Сұлтан көшесіндегі үйдің жанынан өтіп бара жатып, есігі құлыпталмаған автокөлікті байқаған, содан соң, автокөліктің салонына кіріп жеке мүлкін ұрлап кеткен" делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеріс жұмыстары жүргізіліп, оның Астана аумағында бұрын жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.