Bugin

Шәкәрімді атқан қазақ кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абай Құнанбайұлының замандасы әрі інісі, оған қоса, ағасы негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары.

Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни, Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының өліміне қатысты ақпарат жетерлік.

1931 жыл, ашаршылықтың үдеп тұрған кезі. Шәкәрім бір топ адамдарымен Қытайға қашып барады. Абзал Қарасартов бастаған милиция жасағы оларды қуып жетіп, артынан оқ ата бастаған.

Сол сәтте ақын көштен бөлініп шығып, екі қолын көтеріп, Қарасартовтың жасағына қарай беттейді. Өзінің қарусыз екенін ескерткеніне қарамай, Абзал Қарасартов оны атып тастайды.

Иығынан жараланған Шәкәрім атынан құлап, жерде жатқанда, жасы 73-тердегі қарияға әлгі полиция қызметкерлері тағы да оқ жаудырады. Онымен қоймай, киімін шешіп, мәйітті құдыққа тастап жіберген...

Дереккөз: youtube