Bugin
Батыс Қазақстан облысында өртке байланысты ауылдан 44 адам көшірілді.
БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста бүгін құрғақ шөптің 41 өрті тіркелген. Соның 20-сы сөндірілсе, Орал қаласында, сондай-ақ Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Казталов және Бәйтерек ауданында 14 өрт ошағы бақылауға алынған.
"Әсіресе, Теректі ауданында күрделі жағдай қалыптасты. Әйтиев ауылы маңында 50 га жер (26 га - құрғақ шөп, 24 га - орман), 2 қора-қопсы отқа оранды. 10 үй (44 адамның 16-сы бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнына облыс әкімі мен ТЖД бастығы барды. Сол секілді Құмақсай ауылы маңында 25 га жерде жалынның орманға ауысу қаупі бар. Жаңаөмір ауылы маңында жану аумағы анықталу үстінде. Казталов ауданы Болашақ ауылы маңында 4 800 гектар құрғақ шөп өртеніп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.
Өңірде өрттерді сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.