Bugin
Алматыда "Алтын орда" сауда орталығында күзетшілерді қорқытқан белгісіз топ базарды толық басып алып, сатушыларды өз дүкендеріне кіргізбеу үшін қоршаулар орнатқан.
Әділетсіздік пен үркітулерден әбден шаршаған кәсіпкерлер тәртіп сақшыларының әрекетсіздігіне шағымданып отыр.
"Таңғы бесте біздің офисіміге захват жасапты, рейдерский захват. Біз бүгін таңертең жұмысқа келіп тұрмыз. 4 күн демалыстан кейін бізді офисқа кіргізбеді. Екі күзетшіні екі топпен қойып қойған. Көздерінде көзілдірік, бетінде маска", - деді базардың кадр бөлімі басшысы Бақытгүл Әбікенова.
Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мейрам Әбікеевтің мәліметінше, 5 маусымда "Алтын Орда" базарының иелері және жалға алушылар арасында жалға беру туралы шарт жасалған. Бұрынғы шарттың бұзылуына қарамастан қызметкерлердің жұмысына алдыңғы күзет агенттігінің қызметкерлері кедергі жасаған. Осы дерек негізінде ҚР қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.