Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқтөбе-Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жол апаты салдарынан жолаушы көз жұмды.
Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласынан Алға қаласына қарай бет алған ВМW автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетеді. Ол "DAF XF 95 430" автокөлігіне соққан. Оның рөлінде 44 жастағы алматылық азамат болды.
"Салдарынан BMW автокөлігі өртеніп кетті. Осы көліктің жолаушысы алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Ал жүргізуші Ақтөбе қаласындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылды",- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61