Bugin

50 мыңдай халқы бар қалада бір ғана қазақ мектебі бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жалғыз ғана қазақ мектебі бар. Бұл туралы педагог, қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлы Facebook парақшасына жазды.

"Риддердің қала деген статусына қарап-ақ кемінде қанша халық тұратынын сезуге болар... Сол қалада жалғыз қазақ мектебі бар. Екі ғимаратта оқиды. Біреуі 1936 жылы, біреуі 1958 жылы салынған. Бірі әуелде мектеп болуға емес, пионерлер үйіне арналып салынған. Енді, 87 жыл, 65 жыл болған ғимараттардың жағдайы айтпаса да түсінікті. АПАТТЫ жағдайда!

Ал, жақында бір жаңа мектеп салынған көзіміз енді ашыла ма дегенде жаңа мектепті аралас етіп ашқан. Аралас деген аты, әйтпесе, орыс сыныбында 150-ге жетпейтін оқушы ғана бар. Ол 150 оқушыны қаладағы кез келген орыс мектебіне сыйғыза салуға болады. Бірақ ана жағдайда қақырап жатқан қазақ мектебіне тұтас жаңа мектепті беруге қимаған. Қазақтар қинала берсін, апатты мектепте оқи берсін дейтін шығар..." - деп жазды ұстаз.

Оның айтуынша, бүгін Риддердегі сол мектептің ата-аналары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасаған.

"Үміт қой енді. Бірақ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысы ол айқайды түсінбейді де, біреу аударып берсе де түсінгісі келмейді. Себебі мүлде қазақ тілін білмейтін басшы: жаны да, қаны да қазақ емес. 

Оны тағайындаған кеткен Ахметов, ал қазіргі облыс әкімі Ресейде елші боп келген кісі, елші болған жағына қарап алаңдауы мүмкін...

ашық дереккөз

ашық дереккөз
 

Риддерде таза қазақ мектебін ашуға, мына суреттегі 1936 жылы салынған ғимаратта қалай бала оқиды деп ойланып үлгермеген секілді.

Ал біздің министрлік мұндайда керең бола қалады. Әйтпесе, Риддер шулағалы төрт айдан асты. Министрде қазірге үн жоқ. Үндемейтін де шығар. Ең соңғы үміт президентте...

Президент өткен жылы сұраныс қай тілде болса, мектеп сол тілде ашылсын демеді ме?! Енді сонысын Шығысқа қарап бір қайталап жіберсе, мәселе шешілер еді..." - деп жазды Ахметжанұлы.