Bugin
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған журналист Әйгерім Тілеужан сот залында тұтқындалды.
"Ешқандай жаңа Қазақстан жоқ. Істеп отырғандары әділетсіздік. Жақында берген сұхбатымда Асыловты (Бас прокурор – ред.) ақтау үшін бұлар бізді соттайды деп айтқанмын. Міне, соттады", - дейді ол.
Үкім оқылған соң сотталушылардың жақтастары мен күштік құрылым қызметкерлері арасында дау туындады. Наразылық әлі де жалғасу үстінде. Наурызбай аудандық соты ғимаратына арнайы жасақ әкелінген.