Bugin
Елімізде заңсыз балық аулау фактісі бойынша 36 қылмыстық іс қозғалып, 15,7 миллион айыппұл салынды.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов заңсыз балық аулаудың алдын алу және күресу мақсатында ұйымдастырылған акцияның қорытындысын таныстырды.
"Биыл 27 наурызда біздің министрлік пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің бекіре және басқа да балық түрлерін қорғау, сондай-ақ олардың уылдырық шашуы кезінде қауіпсіздікті қамту мақсатында "Жайық-Каспий" бассейнінің су айдындарында "Бекіре-2023" акциясын өткізу туралы бірлескен бұйрық шықты", - деді Аян Бахиянов.
Бекіре-2023 акциясы басталғалы балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары, ішкі істер органдары және Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі мамандары бірлесіп табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтап, 972 заңсыз әрекеттің жолын кескен.
Нәтижесінде 669 айыпты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.