Bugin

Ертең "7-20-25" бағдарламасына өтініш беру басталады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ертең, 12 шілдеде "7-20-25" бағдарламасына өтініш беру басталады.

2018 жылдан бері "7-20-25" бойынша ипотека рәсімдегендер қайта қатыса алмайды. "7-20-25" бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады.⠀Пәтерді тек жаңа үйден алуға болады, яғни бірінші нарықтан құжаттары дайын болуы керек.

Бағдарлама шарттары:

21 жастан бастап;
7 пайызбен;
20 пайыз бастапқы жарнамен;
25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге болады.
Максимал қарыз:

Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырауда 20 миллион теңгеге дейін;
Қарағанды, Түркістан қалаларында 16 миллион теңгеге дейін;
Өзге өңірлерде 12 миллион теңгеге дейін.

Дәл осы бағдарламамен пәтер алатын кезде отбасы мүшелерінің атында үй болмауы керек. Ерлі зайыптылардың атында ортақ пәтер, жер үй, саяжай болмауға тиіс.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61