ДЕНСАУЛЫҚ
Бүгін - дүниежүзілік шоколад күні. Мереке 1995 жылы енгізілген. Бастапқыда Шоколад күні тек Францияда тойланған болса, көп ұзамай әлемнің басқа елдерінде танымалдыққа ие бола бастады. Шоколад өнімінің өзі жер бетінде ең таралған десерт саналады. Бүгін ғылыми түрде дәлелденген шоколад жайлы қызық деректерді ұсынамыз.
Қара шоколадта антиоксиданттар көп
Қара шоколад жүрек денсаулығына пайдалы. Антиоксиданттардың көп болуына байланысты қан қысымын төмендетеді. Күнделікті 100 г шоколадты тұтыну жүрек ауруының қаупін айтарлықтай төмендетеді. Финляндия ғалымдары шоколадты тұтыну инсульт қаупін орта есеппен 17%-ға төмендететінін анықтады.
Шоколад сүйісуден гөрі пайдалы
Ғалымдар шоколадтың миды жақсы ынталандыратынын және сүйісуге қарағанда көбірек эндорфин шығаруға көмектесетінін анықтады. Какао майы 34℃ температурада ериді, сондықтан сапалы плитка тіліңізде бірден ериді. Тілдегі балқу процесі ғашықтардың сүйісуінен гөрі жарқын қуаныш сезімін сыйлай алады.
Дүкендердегі шоколадтың иісі сатылымды арттырады
Journal of Environmental Psychology журналының мәліметінше, шоколадтың хош иісі дүкендердегі сатылымды арттырады.
Шоколад Майя дәуірінде валюта болған
Смитсон институтының журналына сәйкес, шоколад жасау үшін пайдаланылатын какао бұршақтары Майя және Ацтек дәуірінде төлем ретінде пайдаланылған. Зерттеулер көрсеткендей, бұл бұршақ балшықтан қалыптау арқылы қолдан жасалған.
Ақ шоколад мүлдем шоколад емес
Ақ шоколад құрамында какао майы бар, бірақ какао ұнтағы жоқ. Бұл май өте дәмді емес, сондықтан оған сүт майы, ваниль және қант қосылады.
M&M тәттілері ғарышта 130-дан астам рет болды
Шоколадты драже – американдық астронавттардың ғарыштық экспедициялары кезіндегі сүйікті тағамы.
Шоколад теріні қорғайды
Шоколадтың құрамындағы флавонолдар теріні күннің зиянды әсерінен қорғай алады. Күн шуақты күні қолыңызда күннен қорғайтын крем болмаса, шоколад жаман балама емес. Әрине, тек қысқа уақытқа.
Шоколад арықтауға көмектеседі
Шоколад салмақ жоғалтуға көмектеседі. Невролог Уилл Клауэр тамақ ішер алдында 20 минут бұрын тілде еріген шоколадтың кішкене бөлігі мидағы қанықтыру сезіміне жауап беретін гормондардың бөлінуін қоздырады деп мәлімдеді. Осылайша, ол сіз тұтынатын тағам мөлшерін автоматты түрде азайтады.
Дүниежүзілік шоколад күні әртүрлі елдерде қалай тойланады?
Шоколад күні мерекеге орай әртүрлі елдерде көптеген түрлі іс-шаралар өткізіледі. Бұл фестивальдер, шоколад жасау шеберханалары, сондай-ақ шоколад картиналары мен мүсіндерінің көрмелері болуы мүмкін.
Бұл күні кондитерлік және шоколад фабрикаларына бару ерекше қызықты. Дәл осы жерде барлығына шоколадтың қалай және неден жасалатынын айтып, оның жасалу процесін көрсетеді. Мұндай экскурсиялар мерекенің туған жерінде - Францияда және басқа елдерде өткізіледі.