Спорт

Футболшы болғаны үшін атылмады

Спорттағы қызық жағдай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сахиб Аббас әлемдегі ерекше футболшылардың бірі. Бұл оқиға сонау 1991 жылы орын алған. АҚШ әскері Кувейтке заңсыз басып кірген Ирак әскерінен тазартқан соң, Ирак халқына теледидар Саддам Хуссейнге қарсы наразылық ұйымдастыруға шақырған еді.

Міне сол толқулардың бірінде Сахиб Аббас туған ағаларымен бірге үкіметтің әскерімен қақтығысып, қашып шығады. Қашып-пысып жүрген сәтінде оған бір бапкер Саддам Хусейн туған қаласының "Салахаддин" клубына шабуылшы қажет екенін айтады. Ол келісіп, алғашқы кездесуінде-ақ 2 гол салады. Осылайша Аббас клубтың үздік шабуылшыларының біріне айналып, әр апта сайын туған үйіне барғанда ағасы есепті сұрап жататын. Алайда кезекті турдан соң, оны ағасы күтіп ала алмады. Оған басты себеп құқық қорғау қызметкерлерінің тұтқындауы еді. Аббас полиция ғимаратына барып, ағасын сұрайды. Дегенмен сол кезеңде полиция пунктіне кірген адам шықпайтын кез болғандықтан, оны да тұтқындайды. Ол Саддам Хусейн туған қаланың клубында ойнайтындықтан әрі сол сәтте дұрыс шабуылшы болмағандықтан оны босату жөнінде шешім шығарылады. Ал оның ағасы мен тағы 4 адамды өлім жазасына кесті. Сахиб ары қарай футболдағы мансабын жалғастыра берді. 2012 жылы футболдық мансабын аяқтаған ол бүгінде Ирак чемпионатының 177 голымен ең үздік сұрмергені ретінде тарихқа еніп тұр.