Bugin
Шымкентте жолақысын қалтасына басқан 50 шақты қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыстан қуылған.
Шымкенттегі қоғамдық көліктерде "Төлем" жүйесінің енгізілгеніне 3 жылдан асты. Осы уақытқа дейін жүргізушілер ескертулерге қарамай жолақысын өздеріне алып отырған.
Ал көлік компания басшылары қолма-қол төлем жасағанда жолаушылар чек талап етсе, проблема өздігінен шешілетінін айтады.
"Бірнеше хат жазып тасымалдаушы компания басшыларына 50-дей көлік жүргізушісі жұмыстан шығарылды. Таңертеңнен валидаторлар өшірілген автобусқа 1 сағатқа мобильді топ 6 адамнан барып тексереді", - дейді "Төлем" мекемесі директорының орынбасары Ерлан Нұрланұлы.
Маманның айтуынша, 3 мыңға жуық валидатордың істен шыққан 500-ге жуығы жөнделген. Мекеме бүгінде 10 тасымалдаушы компаниямен келісімшарт негізінде жұмыс атқарып жатыр. "Төлем" жүйесін енгізуге бюджеттен бір де бір тиын жұмсалмаған, бұл - кәсіпкерлердің инвестициялық жобасы. Биылғы наурыз айынан бастап кондукторсыз жүйеге өткен қоғамдық көлікте ерікті түрде төлем жасау жолаушыға жүктелген. Қолма-қол ақша болса, чек талап ету қажет.