Bugin

Ақтөбеде апатты жағдай тіркелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Ақтөбедегі қоқыс полигонынан тағы да өрт шықты.

Қазір полигонға жауапты компания мен өрт сөндірушілер құм төсеп жатыр. Қоқыс полигонындағы өрт бүгін сағат 10:40-та тұтанған.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі "Табыс Ақтөбе" ЖШС-не тиесілі қатты тұрмыстық қалдық полигонының аумағында қоқыс және құрғақ шөп жанып жатқанын хабарлады.

"Сөндіру жұмыстарына өрт сөндіру бөлімдері және "Табыс Ақтөбе" ЖШС-нен, Оман шаруашылығынан жалпы 46 қызметкер мен 21 бірлік техника жұмылдырылды. Қоқыстың бықсуын жою және құммен жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр",- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61