Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркістан облысында тауда жоғалған туристің мәйіті табылды.
Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары теңіз деңгейінен 3800 м биіктікте жоғалған ер адамның денесін тапты. Құтқарушылар марқұмның денесін таудан түсіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Қазіргі уақытта мәйітті жаяу түсіру жұмыстары жүргізілуде. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатуда", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Еске салсақ, ер адам 3 шілде күні үш адамнан тұратын топпен Сайрам-Өгем ұлттық табиғи саябағының аумағына барған. Теңіз деңгейінен 4236 м биіктіктегі тау шыңынан түсіп келе жатқанда оның арқаны үзіліп, жарға құлап, із-түссіз жоғалып кеткен болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61