Bugin

Астанада ер адам баласын көтеріп жүрген азаматқа соққы жасаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының тамақтанатын орнында төбелес болып, ер адам қолында баласы бар адамға жұдығырын ала жүгірген. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнебақылау камераларына түсірілген видеосы пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоны Egovpress Telegram-арнасы жариялады. Авторлардың айтуынша, оқиға 18 маусымда болған.

Зардап шеккен тарап қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты істі тежеген полицияның үстінен шағымданған. Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Астана полиция департаментіне жүгінді.

«Бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл ретте полиция қызметкерлеріне қызметтік тексеріс тағайындалып, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады. Басқа мәлімет жарияланбайды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.