Саясат

Қайыршылықпен айналысқан Атырау тұрғыны қамауға алынды

Сот тұрғынды әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырауда «Иманғали» орталық мешітінің алдында қайыршылықпен айналысқан тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

«Құқық бұзушы өзіне әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде кері қайталап, 8 наурызда сағат 10:30 шамасында Атырау қаласы Сатпаев көшесінде орналасқан «Иманғали» мешітінің алдында жолаушыларға тиісіп, қайыршылықпен айналысқан», – деп хабарлады Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Сот тұрғынды әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.