Bugin
"Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады. Синоптиктердің болжамынша апта соңына қарай батыс циклоны еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45 градусқа дейін ыстық күтіледі. Республикада төтенше өрт қаупі бар.
Күндізгі ауа температурасы республиканың солтүстігі мен орталығында +30°С дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +30-37°С дейін төмендейді. Республиканың батысында негізгі температуралық фон +25-35°С нөлден жоғары болады.