Саясат

Оқу орындарында ақша жинау азаяр емес

Алдағы уақытта бұл сауалнама жүйелі түрде жүзеге асатын болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүргізіліп келеді. Алайда, бұл мәселе көбеймесе,азаяр емес. Әсіресе, оқу орындарында жемқорлықтың жиі кездесетініні рас.

Осы мақсатта «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірқатар жоғарғы және арнаулы оқу орындары студенттері арасында тұрмыстық жемқорлық фактілерін анықтау үшін электронды анонимді сауалнама жүргізді. Электронды әдістегі сауалнама облысымызда алғаш рет өткізіліп отыр екен.

Сауалнамаға 1500-ге жуық студент қатысып, оның 97,5%-ы оқу орындарда жемқорлық фактілері жоқ десе, 2,5%-ы бар екенін алға тартты.

«Экология, география, филология, медбиология, экономика, құқық, философия, дене шынықтыру, ағылшын, орыс тілі, әскери дайындық секілді пән мұғалімдері емтихан кезінде жиі жемқорлыққа жол береді деп көрсетті. Тіпті, оқытушылардың аты-жөндерін атағандар кездесті» – дейді «Атырау адалдық алаңы» жобасының мамандары.

Алдағы уақытта бұл сауалнама жүйелі түрде жүзеге асатын болады.