Bugin

Ұлттық экономика министрі інісінің қоластында жұмыс істеуіне қатысы жоғын айтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров туған інісі Ермек Қуантыровтың "Қазатомөнеркәсіптің" құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры қызметіне тағайындалуына қатысты өз пікірін білдірді

Ведомство басшысы інісінің лауазымды қызметке тағайындалуына ешқандай қатысы жоқ екеніне сендіріп, Ермек Қуантыровтың заңды түрде қызметке тұрғанын атап өтті. 

"Иә, расында да ол – менің туған інім. Мұнда ешқандай непотизм жоқ. Менің ешқандай қатысы жоқ. Ол тағайындаудың заңды рәсімдерінен өтті. Президенттік кадрлық резервтің мүшесі, онда қабылдану өте қиын екені белгілі. Оның халықаралық құқық саласында тәжірибесі бар, бұл салада 13 жыл жұмыс істеді. Менің ойымша, ол барлық талаптарға сай келеді", - деді Қуантыров.

Бұнымен қоса министр “Ініңізге жұмысқа қатысты ақыл-кеңес бересіз бе?” деген сұраққа жауап берді. 

"Ол менің інім. Мен оған бала кезімнен – тәрбиеге, дұрыс жүріп-тұруға қатысты кеңестер беремін. Міне, солай", - деді ол.

Айта кетейік, 2023 жылғы 5 шілдеден бастап Ермек Қуантыров 2023 жылғы 5 шілдеден бастап Қазатомөнеркәсіптің құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.

Ермек Қуантыров – президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, соның ішінде Ұлттық зияткерлік меншік институтын (Қазпатент) басқарды, сонымен қатар Колумбия университетінің құқық магистрі (LL.M.) дәрежесіне ие.

Ол – ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың туған інісі.