Bugin

Алматыда тұрғын үйлер отқа оранды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда жеке тұрғын үй секторында үш үйден өрт шықты.

"12 шілде күні сағат 17:05 шамасында өрт сөндірушілер Медеу ауданы Латиф Хамиди мекенжайына жіберілді. Жеті минутта келген сәтте үш үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметі адам бар-жоғына барлау жүргізіп, қызметкерлер өрт сөндіруге кірісті"- деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметінен.

Үш үйдің шатырындағы өртті сөндіру барысында екі адам құтқарылып, газ баллоны шығарылған.

Сондай-ақ нысандар электр қуатынан ажыратылып, полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды.

Ведомство мәліметінше, өрттің тез таралуына үйлердің тез жанатын материалдан жасалғаны себеп болған. Соған қарамастан қабылданған жедел шаралардың арқасында 280 шаршы метр аумақтағы өрт 17:34-та оқшауланып, 17:48-де сөндірілді. Өрттің себебі нақтыланып жатыр.