Bugin

Балалар үйінде тәрбиеленушілерге унитаздағы суды мәжбүрлеп ішкізген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырауда "Шаңырақ" балалар ауылындағы дауға байланысты тергеу басталды.

Соңғы уақытта "Шаңырақ" балалар ауылына қатысты әлсін-әлсін дау туындап тұр. Енді мұнда балаларды дәретхана суын ішуге мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады. Әлеуметтік желідегі ақпарат тергеу жүргізу шараларына алып келді.

"Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері "Шаңырақ" балалар ауылына қатысты жарияланған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігімен (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды"- деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.