Астанаға бара жатқан көлік аударылып, бірнеше адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

10 шілдеде Астанаға жақын жердегі Жалтыркөл ауылының маңында апат болды. 

Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны Toyota Alphard маркалы автокөліктің рөлін басқара алмай, көлікті кюветке аударып жіберген. Оқиға орнында 71 жастағы және 31 жастағы әйел мерт болды. Қалған үш кәмелетке толмаған жолаушы түрлі жарақаттармен Астана ауруханасына жатқызылды.

Полицейлер ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сараптама тағайындалды.

Отбасы Сарыағаштан Астанаға жету үшін Toyota Alphard жүргізушісін жалдаған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61