Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық Майк Тайсон өзіне ұқсайтын заманауи боксшы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Championat.com–ға сілтеме жасап.
Тайсонның айтуынша, ол – мексикалық Исаак Крус. Боксшы осыған дейін 27 жекпе-жек өткізген (24 жеңіс – екі жеңіліс – бір тең нәтиже).
«Маған Джервонта Дэвис сияқты көптеген заманауи боксшылар ұнайды. Бірақ бүгінде маған жақын адам бар ма, білмеймін. Ал егер ұқсайтын бір адамның атын айту керек болса, мен Исаак Крусты айтар едім. Ол өз салмағына сай, аласа, сымбатты, мен сияқты алға ұмтылады. Дэвис онымен ең қиын жекпе-жегін өткізген еді», – деді Тайсон.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61