Bugin

Атырау: Бір ай бұрын суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылмай жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысында бір ай бұрын суға батып кеткен жасөспірімнің денесі әлі іздестіріліп жатыр.

«Мой город» порталының жазуынша, 16 және 15 жастағы ұл балалар жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде батып кеткен. Олар немере ағайындылар болған.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 13 маусымда кешке Геолог ауылында Жайық өзеніне екі жасөспірімнің батып кеткенін хабарлаған болатын. Сол кезде құтқарушылар балалардың денесін дереу іздеуге кіріскен.

«Кейінірек суға батып кеткен бір баланың денесі табылғаны белгілі болды. Екінші жасөспірімнің денесін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ведомствода іздеу жұмыстары күн сайын жүргізілетінін атап өтті», - делінген хабарламада.