"Бірнеше рет пышақтаған": Шымкентте кісі өлтірмекші болған азамат іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте жергілікті азаматты бірнеше жерінен пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен 1994 жылы туған Тойшыбек Бағлан Нұрланұлына іздеу жариялады.

Күдіктінің бұрынғы мекенжайы – Шымкент қаласы, Самал-1 мөлтек ауданы, Еркіндік көшесі, 34 үй. Бағлан Тойшыбек 2 жыл бұрын 24 қарашада сағат 20:00 шамасында Күншығыс шағын ауданы, №3 үй жанында жергілікті азаматты бірнеше рет пышақтап, ауыр дене жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 24-99-бабы, 1-бабы («Кісі өлтіруге оқталу») бойынша тіркелді. Ер адамның тергеу мен соттан бой тасалап, тұрғылықты мекенжайынан көшіп кеткені анықталды.

Бұған дейін, 2021 жылы Бағлан Тойшыбекке қатысты екі рет іздеу жарияланды, олардың бірі – халықаралық іздеу. Өкінішке қарай, атқарылған жұмыстар өз нәтижесін бермеді.

Суретте көрсетілген жігітті көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе (8-771-671-56-63) 57-27-42; 51-22-01; 57-27-60; 57-01-02; факс: 57-03-41 нөміріне хабарласу қажет.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61