Bugin

Бауыржан Байбектің әкесіне үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында Қыдырғали Байбекке қатысты әкімшілік іс бойынша үкім шығарылды. 

Отырыс жауапкерсіз өтті. Байбекке заңсыз құрылыс және қажетті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін айып тағылды.

Сотта Қыдырғали Байбектің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы ескертусіз "Әулие" ТК-дегі тұрғын емес үй-жайға жеке кіру үшін есік ойығын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгені анықталды.

Нәтижесінде үй тұрғындары бұл әрекеттерге шағымданды. Жоспардан тыс тексеру жүргізілді, есік пен қосымша құрылыс шынымен заңсыз орнатылғаны белгілі болды.

Сот жауапкерді кінәлі деп тауып, 51 750 теңге айыппұл салды.