Bugin
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев заңдастырылған автомобильдердің едәуір саны Қазақстанмен бір Кеден одағында тұрған үш елден әкелінетінін хабарлады.
"Бұл Ресейден әкелінген автокөліктер – 66,3 пайыз немесе 132 929 дана, Армения – 18,5 пайыз немесе 37 113, Қырғызстан – 10,8 пайыз немесе 21 601 дана", – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қазақстан өңірлері бойынша ең көп автокөлік Алматыда – 21 115, Ақтөбе облысында – 20 876, Шымкентте – 15 145, Батыс Қазақстан облысында – 14 204, Атырау облысында – 14 197, Қызылорда облысында – 13 695 тіркелген.
Өткен жылы Қазақстанға көлік импортында Грузия, Біріккен Араб Әмірліктері және Корея басым болды.