Bugin

Атырау облысында кәріз құдығын жөндеп жатқан 2 жұмысшы қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысында кәріз құдығына құлаған 2 жұмысшы көз жұмды.

Оқиға бүгін, 13 шілдеде Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде болған. Бұл деректі "Жылыой Су" мекемесі растады.

"Бүгін Жылыой ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Жылыой Су» мекемесінің 2 жұмысшысы кәріз құдығында қаза тапты. Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы жағдайды тексеру бойынша арнайы комиссия құрды", - деп хабарлады коммуналдық мекемеден.

Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нариман Өтешовтің айтуынша, жұмысшылардың құдыққа құлағаны туралы хабар 9:42-де түскен. Хабарды Жаңа Қаратон кентінің тұрғындары берген.

Кәріз құдығының тереңдігі - шамамен 7-8 метр. Екі жұмысшы жөндеу жүргізу кезінде құдыққа құлап кеткен. Жөндеу жұмысына негізінен 5 адамнан тұратын бригада тартылған.

"Жылыой Су" мекемесі қаза тапқан жұмысшылардың отбасына материалдық көмек көрсетеді.