Bugin
Алматыда ер адам есінен танып, ыстық пешке құлаған. Науқастың денесінің 50 пайызын күйік шалған.
"Науқас өте ауыр жағдайда түсті, сондықтан бірден жансақтау және қарқынды терапияның анестезиология бөліміне жатқызылды. Жансақтау бөлімінде күйікке қарсы "Редактрон" төсегімен жабдықталған мамандандырылған палата бар. Науқас үшін жеке пост қойылды, біз қолдан келгеннің бәрін істедік", - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков.
Дәрігердің айтуынша, науқас жансақтау бөлімінде 41 күн жатқан жағдайы тұрақтанғаннан кейін аурухананың күйік бөлімшесіне ауыстырылған.
№4 қалалық клиникалық аурухананың күйік аурулары бөлімшесінің меңгерушісі Елдос Әлменовтың мәліметінше, науқасқа 5 некректомия операциясы жасалған, тері ауыстырылған.