Bugin

Бір жарым жасар бала 4-қабаттан құлап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көкшетауда бір жарым жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.

Оқиға туралы полицияға облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің медбикесі хабарлаған. 

Бала қазір комада жатыр. Алдын ала болжам бойынша, баланың бас сүйегі ауыр жарақат алған, бас миы қатты зақымданған және бас сүйегі сынған.

"Бала 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бұл кезде анасы ас үйде ыдыс-аяқ жуып жатқан, әкесі ұйықтап жатқан. Өтіп бара жатқан адамдардың айғайлаған дауысын естіп төменге түсіп, құлап жатқан балаларын көрген. Ата-анасы баланы өз күштерімен балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізді", – делінген Ақмола облысының полиция департаментінің хабарламасында.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61