Bugin

Батыс Қазақстанда жүргізуші 51 жастағы әйелді қағып, қашып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Қазақстан облысында жүргізуші 51 жастағы әйелді қағып, қашып кеткен. 

Оқиға 13 шілде күні шамамен сағат 08.30-да Теректі ауданы Пойма ауылы маңында болды.

"Белгісіз жүргізуші жол шетінде тұрған 1972 жылғы әйелді қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жол апатынан жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде"- деп хабарлады, БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, зардап шеккен әйел жедел жәрдем бригадасымен Оралдағы қалалық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне сағат 09.30-да жеткізілген.

Кеуде қуысы, жамбас сүйектері мен буындарының және тізе буындарының рентгенографиясы, басқа да зертханалық зерттеулер жасалды.

Нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылған әйелдің жағдайы орташа ауыр.